Кездесу Фазылжан Анар Мұратқызымен “Қазақ әліпбиі латын қарпіне көшуі”

“Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде” 2018 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында
“ҚР БжҒМ Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының” директоры орынбасары Фазылжан Анар Мұратқызымен “Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі” тақырыбы аясында кездесу өтті. Кездесудің көрермендері ретінде ұстаздар қауымы, мектеп қызметкерлері мен оқушылар қатысты. Кездесу барысында Анар Мұратқызы Қазақстан жерінде орын алған әліпбилер жөнінде тарихи құнды әрі қызықты мәліметтерді айтып, Қазақстан мемлекетінің латын қарпіне не үшін көшуі керек, көшкенде болатын жетістіктер мен көшу үдерісі төңірегінде әңгіме өрбітіп, оқушылар тарапынан туындаған, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптарын берді. Анар Мұратқызымен өткен кездесу дүниетанымды кеңейткен, әсерлі әрі тарихи мәліметке толы құнды кеш болды.

 

Вам также может понравиться...