Алматы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа мәртебесі

Алматы каласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Алмания аймақтарының мәдениет министрлерінің Конференциясының дипломымен салтанатты түрде марапаттау өтті.

Аталмыш диплом “DSD” мектеп дәрежесін нақтылайды. Шараға Алмания федеративті республикасының бас консулы Йорн Розенберг және Қазақстандағы орта мектепте білім беру істерінің орталық баскармасының неміс тілі бойынша координаторы Марио Шёнфельд қатысты.

Алматы қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – НЗМ жүйесінде DSD дипломының алғаш иегері.

DSD – бұл оқушылардың неміс тілін меңгеруін айқындайтын халықаралық тілдік емтихан. Осылайша неміс тілін меңгеру деңгейін дәлелдеген оқушыға Алмания колледждерінің есіктері айқара ашылады.

Емтихан бойынша жақсы көрсеткіштер Алманияда өтетін үш апталық оқу тәжірибесіне шәкіртақы ұтып алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, DSD иегерлері Алманияның кез келген университетінің бакалавриатында толық оқу курсы қамтылған DAAD (Алманияның академиялық алмасу қызметі) шәкіртақысын ұтуына мүмкіндік береді.

Шәкіртақымен қамтамқамтамасыз ету мерзімі үш жылдан төрт жылға дейін.

DSD тілдік дипломдары бар мектептер қатарына енудің арқасында Зияткерлік мектеп шетелде мектеп ісін жүргізу федералды кеңсесінің өкілдерімен, жоба координаторы Марио Шёнфельд және Алматыдағы Гёте университетінің Қазақстандағы филиалымен ынтымақтастықта болып, Алманиямен үздіксіз академиялық байланыста болады.

 

You may also like...