Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

Құрметті БАҚ өкілдері, бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Журналистика саласын дамытуға бағытталған еңбектеріңіз лайым бағаланып, қаламдарыңыз ұштала берсін! Тынымсыз кәсіптеріңізге еш уақыт махаббат сөнбесін, адалдық кемімесін! Шығармашылық өрлеу мен табыс тілейміз! Құрметпен, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.  

Медицина қызметкерлері күні

Жанға дауа, тәнге шипа сыйлайтын абзал жандар, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі қиын да күрделі кезеңде атқарып жүрген жанкешті еңбектеріңіз бен күллі адамзатқа созған көмек қолдарыңыз үшін мәңгі алғыстымыз! Асыл қызметтің ауырлығын абыроймен көтере білдіңіздер! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, істеріңізге береке тілейміз! Тоқтаған жүректі қайта …

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ҮМІТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ

Медеу аудандық мониторинг тобы Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тексеріс өткізіп, конкурстық іріктеуге санитарлық-эпидемиологиялық дайындығының барына оң бағасын берді. ⠀ ▪️Зияткерлік мектепте міндетті дезинфекция жұмыстары жасалды ▪️Оқу ордасы жеке қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілді ▪️Кіреберіс, тіркеу орындары, сондай-ақ конкурстық іріктеу өткізілетін барлық аудиторияларда …

ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ АМАНДЫҒЫН ТІЛЕЙМІЗ

Бүгін Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының оқшауланғандығы туралы ресми ақпараттардан белгілі болып отыр. ⠀ Десе де, егеменді еліміздің қалыптасуы мен тәуелсіздіктің нығаюы жолында күш-қайратын жұмсап, батыл қадамдар жасаудан танбаған Елбасының бұл жолғы сынақты да оңай еңсереріне сенеміз. ⠀ Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік …

НАЗАР САЛЫҢЫЗ! КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ!

Құрметті ата-аналар мен конкурстық іріктеуге үміткерлер! ⠀ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды қабылдау конкурсы 2020 жылдың 20-21 маусымында өтетінін естеріңізге саламыз! ⠀ 20 маусымда үміткерлер жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқу қабілетін бағалау үшін тест тапсырады. Ұзақтығы – 90 минут. 21 маусымда тілдік тест тапсырады. Ұзақтығы …

Зияткерлер ағылшын тілі пәнінен республикалық олимпиада жеңімпаздары атанды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған ағылшын тілі пәнінен республикалық онлайн олимпадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! ⠀ 7-сынып оқушысы: Ауезова Саида – 2 дәрежелі диплом ⠀ 8 сынып оқушылары: Шайхислам Ерлік-1 дәрежелі диплом Молдағазыева Аружан …

Дархан Қуандықұлымен онлайн-кездесу

29 мамыр сағат 11:00-де Microsoft Teams платформасында «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі Академиясының президенті, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қыдырәлі Дархан Қуандықұлымен онлайн кездесу өтеді. Шара Білге Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына орайластырылған. Жыл сайын мамыр айының 18 жұлдызында елімізде көне түркі жазуы …

АТА-АНА МЕН ҮМІТКЕР НАЗАРЫНА

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер! Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2020 жылдың 20-21 маусымында өтеді. Коронавирусты инфекцияның (COVID-19) алдын алу бойынша санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне байланысты конкурстық іріктеуден өту кезінде келесі ережелерді сақтауды сұраймыз. Мектеп аумағына тек қана маска киген үміткерлер жіберіледі! (өзіңізбен …

«Репетиторға баруға мүмкіндігі жоқ оқушыларға арнап аштым!»

Физика пәні мұғалімі Абзал Тастанбековтың YouTube платформасында жеке арнасы бар. Оны 2018 жылы 11 сынып оқушыларына көмекші құрал ретінде ашқан. Репетиторға барып оқуға мүмкіндігі жоқ, бірақ физиканы меңгеруге ниетті тәлімгерлерге арналған. Көбінде ҰБТ тақырыптарын қамтитын есептер және лекцияларды түсіреді. Видеоматериалдың барлығын мұғалім өзі даярлайды. Көрермендерінің …

Олимпиадаларға онлайн дайындық жүріп жатыр

Карантинге бола олимпиадаға дайындық жұмыстарын тоқтату керек деп кім айтты?! Вирустың таралуына байланысты көптеген жарыстар болмайтын болды, десе де бұл босаңсуға себеп емес. Жақында олимпиадалардың біздік өмірге қайта оралатынына кәміл сенеміз. Сонымен қатар, қашықтық олимпиадалардың барын да ұмытпау шарт. Осы ретте, оқудағы үзілісті математика пәнінің …