Медицина қызметкерлері күні

Жанға дауа, тәнге шипа сыйлайтын абзал жандар, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі қиын да күрделі кезеңде атқарып жүрген жанкешті еңбектеріңіз бен күллі адамзатқа созған көмек қолдарыңыз үшін мәңгі алғыстымыз! Асыл қызметтің ауырлығын абыроймен көтере білдіңіздер! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, істеріңізге береке тілейміз! Тоқтаған жүректі қайта соқтыратын, үзілген үмітті қайта жалғайтын қабілеттеріңізге Құдай қуат берсін!

Құрметпен, Алматы қаласы физика-математика-бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

You may also like...