«Туған елге тағзым» зерттеу жобаларын қорғау басталды

9-сынып оқушысы Айғаным Орынбасарова

27-30 қыркүйек аралығында «Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясының зерттеу жобалары қорғалады. Алматылық физика-математика бағытындағы NIS-тен 36 оқушы 28 ерекше жобасын таныстырады. Шараның алғашқы күнінде 9-сынып оқушысы Айғаным Орынбасарова ««Мәңгілік елде» Мәңгі жасайтын Сақ батыры» тақырыбындағы жұмысын қорғап шықты.

«Айғаным жобасы арқылы тарихты жас оқырманға қызықты етіп жеткізудің жолын табуды мақсат еткен. Ерекшелігі сол, тарихи оқиғаны оқушы түсінде көргендей етіп суреттеп, ертегі ретінде баяндайды. Біз бұл жобаға қыркүйек айынан бастап дайындалдық»,- дейді Айғанымның жоба жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Шолпан Аманкулова.

«Туған елге тағзым» жобасының қазылар алқасы құрамында Елбасы кітапханасы, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЮНЕСКО және басқа да сарапшылар бар. Оның ішінде Кулянда Батырбекова, Дана Пашан және Жанболат Утубаев есімді әділ қазы мүшелері Алматылық физика-математика бағытындағы NIS-те жұмыс істеді.

You may also like...