ВИРТУАЛДЫ МЕКТЕПКЕ ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы саналатын Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Виртуалды мектеп» жобасына тіркеу басталғандығын хабарлайды. Жоба мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беру мекемелерінде оқитын балаларды Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныбына тапсыруға дайындау. Тіркеу 2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады.

Тіркелуге байланысты барлық маңызды ақпаратпен http://vs.nis.edu.kz сайтынан таныса аласыздар.

You may also like...