Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңартылған білім мазмұнының тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге таратады

Әдістемелік орталығы ретінде білім ордасында 2019 жылдың 15 қарашасында «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім беруді трансформациялау ортасын қалыптастыру» атты семинар өткізілді. Аталған семинар арнайы Медеу ауданы Әкімі Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлының тапсырмасымен Медеу аудандық білім бөлімі және ауданға қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектептердің директорлары, жаңартылған білім мазмұнына жауапты директор орынбасарларына ұйымдастырылды. Бұдан өзге Алматы қаласы Білім басқармасының шешімімен №7, №195, №186, №193, №184 орта мектептер Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату мектептері ретінде 2019 жылдың қыркүйек айында анықталған болатын. Аталған орта мектептерден директорлар мен директор орынбасарлары семинар жұмысына қатысты.

Семинар жұмысына Медеу ауданы Әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Айдос Асқарұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Әмірқызы, Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қалалық филиалының директоры Асубаев Берік Құттыбайұлы, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы баяндама жасады.

Семинардың негізгі бөлімінде Педагогикалық өлшеулер орталығының бөлім басшысы Абсатова Мейрамкүл Бакирқызы критериалды бағалау жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Мектеп директорының орынбасары Скопцова Мария Авелириановна жаңартылған білім мазмұнына сәйкес бейіндік пәндер бойынша оқытуды ұйымдастыру туралы, директордың орынбасары Есингельдинов Бауыржан Тәңірбергенұлы және математика пәнінен олимпиадалар тренері Хаджымуратов Нұрсұлтан Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушыларды Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға дайындаудағытәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар барлық қатысушылар Калкулов С.Б., Воробьева И.Ю., Умаров Б.М., Ералиев М.Б., Қазез А. Абдрахманова М.К., Алипова А.К., Усенова Г.К., Папазова И.П., Ержан Б., Сыдыкова Б.К., Даданбеков Е.Е., Абишева А.Ж., Макулбекова А.Е., Заболотная А.А., Момаханова Ү.Н., Салпынова К.К. сынды Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің бағалау фокусы аясында математика, химия, физика, биология, информатика пәндері бойынша ашық сабақтарына қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – жоғары сыныптағы критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері, пәнді таңдаудағы тиімді ұйымдастыру және пәндік олимпиадаларға оқушылардың дайындығын қамтамасыз ету болатын. Осы тұрғыда, семинарға қатысушылар семинардың жақсы ұйымдастырылғанын және болашақта осы бағыттағы семинарларды жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдері үшін арнайы ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.

You may also like...