Алғашқы қоңырау мерекесі

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бүгін әдеттегідей сағынып жеткен 896 шәкіртіне құшағын жайып білім күнін тойлады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаушылар мен жаңа білім кеңістігіне тайсалмай қанат қаққандар үшін бұл – теңдесі жоқ мереке.
Білім күніне арналған бүгінгі мереке өз дәрежесінде салтанатты да қызықты болып өтті. Салтанатты жиынды дәстүр бойынша мектеп директоры Раисова Кульфарида Бабагумаровна ашты. Ол өз сөзінде оқушыларды мерекемен құттықтай келе жаңа оқу жылында биік белестер тіледі. Мектеп ұжымына жаңадан қосылған мұғалімдер мен кураторларға да сергек ой мен ізденімпаздылық, бірлікте болуды айтып өтті.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ашылғанына 10 жыл болуына орай мектеп ішінде түрлі жобалар бойынша форум болды. 7-9 сыныптарға кураторлық сағаттар өткізілді. Мектеп дәлізінде ТЕDx, Wikipedia, роботатехтика, қию-тігу, гончар өнері бойынша көрмелер ұйымдастырылды. Оларды көпшілікке таныстыруда Өзін өзі басқару ұйымы көп белсенділік танытты. Күн соңында оқушыларға мерекелік түскі ас тарту етілді.

You may also like...