
«Ұстаздар күні» мерекесіне орай, бүгін Алматы қаласы ФМБ NIS-те педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» және Ы.Алтынсарин медалінің,, “Ерен еңбегі үшін” үкіметтік марапатының иегері Жанна Сабурова қонақта болды. Сондай-ақ, кездесуге мұғалімдік жолына 40 жыл өмірін арнаған құрметті ұстаз, мектебіміздің 11 сынып оқушысы Асаин Жақыпбектің әжесі Асылтас Шарипова қатысты.

⠀
Кездесу барысында ардагер ұстаздар мектеп қабырғасында болған қызықты оқиғалармен, мұғалімдік жолына алғаш келгендегі сезімдерімен бөлісті. Балаларға оқу-білімнің, педагог мамандығының маңыздылығын түсіндіріп, армандай білуге, бақытты болуға шақырды.
⠀
«Әр сабаққа дайындылғанда бүгін оқушыларды қандай нәрсемен қуантамын деп ойлаймын. Балалардың есінде қалатын сабақ бергім келеді» ,- деді Жанна Сабурова.
⠀

Шараға қатысушылар арасында Жанна Камылбаевнаның шәкірті, қазіргі таңда директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Саидхужа Бабанхужаевич те болды.