КІТАП ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРАДЫ

Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында мектебімізде дәстүрлі кітап сыйлау акциясы өтті. Оқушылар, ата-аналар мен мектеп ұжымы осы күнді асыға күтеді. Бір-біріне кітап сыйлап, жүрекжарды ак тілектерін арнайды. Бұл жолы да қатысушылар алдын-ала сауалнама толтырды. Қалаған кітаптарының атауы мен авторын жазды. Одан кейін педагог-кітапханашылар сауалнаманы талдап, құпия дос ретінде әр қатысушыға өзінің жұбын таңдап берді. Сол адам өз серіктесіне қалаған кітабын сыйға берді.

– Бұл шараның ағартушылық мақсаты өте зор. Оқушылар, ата-аналар мен жалпы мектеп ұжымын акцияға қатыстыра отырып біз олардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра түстік,-дейді кітапхана меңгерушісі Рима Зараухаева.

         

You may also like...