Үздік жыл мүғалімі анықталды

Үздік жыл мүғалімі анықталды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жыл мұғалімі-2019» байқауы өтті. Оған химия, биология, математика, тарих, орыс тілі және әлеуметтік пәндер мұғалімдері қатысты. Алты педагог алты кезең бойынша сынға түсіп, білімдері мен шығармашылықтарын таразылады. 

         
Байқау қортындысы бойынша 3-ші орынды орыс тілі пәнінің мұғалімі Оспанова Гаухаржан, 2-ші орынды математика пәнінің мұғалімі Абзал Құспанғали, 1-ші орынды – әлеуметтік пәндер мұғалімі Медет Акшалов иеленді.
Ал химия пәнінің мұғалімі Қайрат Бұрханбеков «Үздік жыл мұғалімі» атанып, байқаудың бас жүлдесін қанжығалады. Өзге де қатысушылар секілді Қайрат та ұстаздар сайысына барынша дайындалғанын айтады. Енді ол Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік байқауына қатысады. 

              

You may also like...