12 “М” сынып оқушысы Любовь Дудченко 2 авторлық құқық құжаттарына ие болды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы 2 авторлық құқық құжаттарына ие болды.

12 сынып оқушысы Любовь Дудченко «Технотория» зертханасының меңгерушісі Бекзат Әміртайұлының жетекшілігімен «Уроки математики и правописания в AR» және «Интерактивный AR учебник» жобалары үшін авторлық құқық куәліктеріне ие болды.

Білім саласында қолданылатын бағдарламалар мектеп жасына дейінгі балалардың жазба дағдысы мен математика негіздерін үйретуге, онлайн-оқыту кезінде жаңа тақырыптарды меңгеру процесін жеңілдету және көлемді модельдеу, бейнелеу және объектілердің дыбысталуын қолдану, кеңейтілген шындық арқылы оқу материалын қабылдауды жеңілдетуге арналған.

Любовь Дудченко мен Бекзат Әміртайұлына табыстар тілейміз, ел мойындаған жобаларыңыз арта берсін!

You may also like...