
Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі мектепшілік “Тамыз конференциясы” ұйымдастырылды. 23-27 тамыз аралығына жоспарланған шараны мектебіміздің директоры Ермек Пайзов ашып берді. Конференция барысында өткен оқу жылының анализі жасалып, дәстүрлі форматта басталғалы отырған жаңа 2021-2022 оқу жылына жоспар құрылды.
⠀
Мектеп директоры Ермек Серікұлы 2020-2021 оқу жылында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру сапасы 99%-ды құрағанын атап өтті. Білім алушылардың мұндай көрсеткішке жетуіне мектеп мұғалімдерінің қосқан үлесі де зор.
⠀
Осы орайда, Қарлығаш Айменбетова, Бағдаш Ахметкулова, Эльмира Әміртай, Жанна Хегай, Ирина Папазова, Қарлығаш Оспанова және Гүлмира Сыздықова «НЗМ» ДББҰ ПӨО атынан алғыс хатпен марапатталды.

⠀
Оған қоса, жас ұрпаққа білім және тәрбие берудегі адал еңбегі үшін Малика Мауова мен Шолпан Аманкулова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ атынан алғыс хат алды.
⠀
Желілік, Республикалық және Халықаралық деңгейдегі олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарудағы жоғары кәсібилік және педагогикалық шеберлігі үшін Рамазан Сұлтан пен Нұрсұлтан Хаджимуратовқа “Құрмет грамотасы” берілді.
⠀
Ал химия пәнінің мұғалім-сарапшысы Мара Абдрахмановаға ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің атынан “Құрмет грамотасымен” марапатталды.