Жаңа оқу жылына дайындық: спорт алаңы жаңартылды

Жаңа оқу жылына дайындық қызу жүруде. Мектеп ауласындағы спорт алаңы қайта жаңартудан өтті. Теннис кортының орнына баскетбол және волейбол алаңы жасалынды. Енді мектебімізде 2 баскетбол алаңы, волейбол, футбол алаңы және жүгіруге арналған арнайы жолақ бар. Оған қоса, қоршаулар қайта боялып, қажетті өзгерістер енгізілді. Қауіпсіздік техникасы толық сақталған.



Сондай-ақ, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың ыңғайлылығы үшін мектеп ауласына орындықтар қойылды.

You may also like...