Алматыда 7-8 желтоқсанда білім берудегі жаңа технологиялар бойынша әлемдегі ең ірі конференциялардың бірі – EdCrunch Glocal өтті.
⠀
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған конференцияның ашылуына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Іс-шараға Мәскеу, Тель-Авив пен Сингапурдегі жергілікті онлайн-студиялардың спикерлері қосылды.
⠀
Конференция бағдарламасы бес бөлімнен тұрды: ерте балалық шақ, 21 ғасыр мектебі, цифрлы университет, корпоративті оқыту және EdTech.
⠀
2021 жылдың басты тақырыбы – «Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау» (Learning experience design). 25 елден келген 300-ден астам спикерлер 150 сараптамалық сессия, панельдік пікірталас және шеберлік сыныптарын өткізді.
⠀
EdCrunch Glocal шарасының ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Алматы қаласының әкімдігі, Назарбаев Зияткерлік мектептері. Бас серіктестер – «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры, «Алматыкітап баспасы» және «Сәби» Қайырымдылық қоры.
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен әкімшілігі шараға белсене қатысты.
⠀
Айта кету керек, EdCrunch конференциясы алғаш рет 2014 жылы Мәскеуде «МИСиС» ҰЗТУ-дың қолдауымен өтті. Хедлайнері Coursera негізін қалаушы Дафна Коллер болды.