🏆25-27 ақпан аралығында Алматыда болған «FIRST Tech Challenge» робототехника бойынша өткен жарыста «Lego League Challenge» категориясы бойынша «YACU» командасы жеңіске жеткен. Нәтижесінде физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің атынан барған 3-ші командамыз Мәскеуде болып өтетін жарысқа шақырту алды.
Бүгінде аталған командада 9 сыныптытың оқушылары Гапонов Сергей, Кан Марк, Табаров Ахмаджон мен Ермуханов Айдар бар.
Қазіргі таңда команда роботехника бойынша дайындықтарын жалғастыруда және әрі қарай түрлі жарыстарға қатысуды жоспарлауда.
