«SUPER WARIO BROS» – КОМАНДАСЫМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!

• VEX IQ 2018-2019 Қазақстан чемпиондары
• VEX EDR 2019-2020 / 2020-2021 маусымдары

Команда Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 мен 9 сынып оқушыларынан құралған. Атап айтсақ  Джанзаков Нұрсұлтан, Әмзебек Ибраһим, Айдарбек Нұрахмет, Бурибаева Малика, Сартбаев Темірлан, Аяжан Каримова пен Султан Кашкимбаев. Қатысушылар 3 жылдан бері робототехника бойынша ұлттық, халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Ал биыл — FIRST Tech Challenge санатындағы Альянс Капитан сыйлығының иегері. Нәтжесінде «Super Wario Bros» командасы АҚШ-та болатын Халықаралық жарысқа жолдама ұтып алды.

Команданың капитаны Джанзаков Нұрсұлтан бізбен жарыста өткен әсерімен бөлісті:

«Біздің топтың жаңа қатысушылары роботты құраумен айналысты. Өйткені жарысқа өте аз уақыт қалған болатын. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында роботты құрап, оны іске қостық. Біздің программистер өте тәжрибелі мамандар. Мен роботты басқарумен айналыстым. Бұрындары да роботты қашықтықтан жүргізетінмін.  Біз 6-7 күн ішінде роботты толықтай құрып біттік. Әрине кемшіліктер болды, бірақ біз тез проблемаларды жойып отырдық», – деп сөзін аяқтады.

  Жалпы FIRST-робототехника бойынша әлемдегі ең ірі білім беру ұйымдарының бірі. Жыл сайын FIRST 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар роботехника бойынша жарыстар өткізеді. Әрбір байқау міндеттердің күрделілігімен ерекшеленеді. Айта кетсек — өнеркәсіпті автоматтандыруға, пайдалы қазбаларды өндіруге, қоқысты қайта өңдеуге, ғарышты игеруге, биомедицинаға және басқа да маңызды тақырыптарға байланысты олимпиадалар өтеуде. Биылғы жарыстың тақырыбы – жүк тасымалы.

   Естеріңізге сала кетейік, FIRST ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылар мен мұғалімдерге қатысуға ұсынған олимпиадалар тізбесіне енеді. Сондай-ақ, еліміздегі FIRST ұйымдастырушысы және операторы «USTEM Robotics» қоры болып табылады.

You may also like...