Шаттық нұры

Шаттық нұры

Құтты болсын бес жылдық мерекеміз,

Ортаймасын ешқашан берекеміз.

Шаңыраққа шашылды шаттық нұры,

Қуанышпен керілді керегеміз.

Ақ тілекті армандай ақтарамын,

Білім барда аңсаған бақ талабым.

Балаларға кешенді білім берген,

Мектебіммен әрқашан – мақтанамын!

Үстем болсын мерейің ұстаздарым,

Ақылшы дос балаға ұстаз ғалым.

Жетелеген жеткізген армандарға,

Шебер адам  байқасаң ұстаз дарын.

Жаңғыруда жаңа бір уақыт келіп,

Басыңызға бақ қонсын бақыт келіп. 

Зияткерлік мектебім зайырлы елде,

Көш бастай бер білімге – бағыт беріп!

Асанова Орынкүл Нұрғазықызы, география пәнінің мұғалімі

You may also like...