2018 жылыдың 15 қыркүйегінде Алматы қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әлем алдындағы Спорт!» атты Денсаулық фестивалі-2018» спорттық мерекелік іс-шара Тұңғыш Президент саябағында өтті. Фестивальдің ашылу салтанатында сөз бастаған мектеп директоры Раисова Кульфарида Бабагумаровна фестиваль қатысушыларын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Әлем алдындағы Спорт!» ұранымен өтетін Фестиваль жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру ең маңызды жол екендігін Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де қолдап, белсенді атап өтті. Аталған іс-шараға барлық мектеп ұжымы мен 890-нен астам мектеп оқушылары көтерінкі қөніл-күймен қатысып, балалар әсерлі флешмобпен жалғыстырды. Мектептің спорт ұландары шығып спорттық құдіреттерін таңытты. Салтанатты ашылу рәсімі «Чемпиондар» әнімен жалғасын тапты.
Фестиваль барысында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Ойындарға барлық 19 шаңырақ оқушылары, ұстаздар мен мектеп қызметкерлері белсене ат салысты. Олар ұзындыққа секіріп, шайқалып тұрған бекет кедергілер арасынан өтіп, қызықты спорттық қимыл-қозғалыстар ойындарына қатысты.
Сонымен қатар, ұжымдық үйлесімділікті көтеру мақсатында педагог-психологтар әртүрлі дағдыны дамытатын қызықты жаттығулар өткізді, ал медициналық бөлім қызметкерлері алғашқы жедел жәрдем көрсетудің жолдарын түсіндірді.
Жағымды да өнімді күн – салауатты, белсенді өмір сүруге ынта тудырып, өзіміздің денсаулығымызды сақтауға, жетілдіруге, яғни денсаулыққа мән беруге ой салды.