Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары abai.online платформасы ойлап тапты

«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік». Бұл Абылай ханнан қалған өсиет. Ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен елін қорғап, ұланғайыр атырапты мирас етіп қалдырған бабалар күштің емес, білім заманының келетіндігін болжағаны. Өскелең ұрпақта осы бір нақылды бойына сіңіріп, жаһанданған 21 ғасырда ешкімге есе бермеуге талпынуда.

Осы мақсатта Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Аманмырза Жүсіпхан мен Абжанов Алиханның IT саласындағы авторлық жаңа жобалары abai.online көпшілікке жол тартты. Бұл платформа арқылы оқушыларымыз еліміздің жарқын болашағы тікелей байланысты IT саласындағы мамандардың жетіспеушілік мәселелерін шешпек ниетте. Веб-сайттың нысандағы аудиториясы еліміздің IT саласына қызығушылығы бар жастары. Ең бастысы осы салаға құлшынысты кез-келген жан abai.online қауымдастығына мүше бола алады. Жоба авторлары Қазақстанның түпкір-түпкірінен IT саласына қызығушы мүдделес жастардың басын қосып, қарқынды жұмыс жасап, әлемдік аренадағы ақпараттық технологиялық бәсекеде елімізді көшбасшы мемлекеттер қатарынан көрінетініне сенімді.

Зияткерлерімізге сәттілік тілеп, баршаңызды осы жобаға қолдау білдіруге шақырамыз.

Толық ақпарат:
📨 abai.connect@gmail.com

You may also like...