ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ «АЛТЫН» НАУРЫЗЫ

 

Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін наурыз шынайы «алтын» ай болды. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша НЗМ үздік деп танылды. Зияткерлік мектептердің жалпы қоржынында – 16 алтын, 22 күміс, 25 қола медалі бар.

Назарбаев Зияткерлік мектептері жаратылыстану-математикалық бағытта 12 алтын, 12 күміс, 15 қола медальді жеңіп, республикалық олимпиаданың «2018 жылдың үздік олимпиадалық тобы» атанды. Олимпиада Атырау қаласында ұйымдастырылып, оған еліміз бойынша 800 оқушы, оның ішінде Зияткерлік мектептерден 53 оқушы қатысты. Жарыста Алматы қаласы физико-математикалық бағыттағы мектебінің оқушылары ерекше өнер көрсетіп, 6 алтынды жеңіп алды. Олар – Олжабаев Асылбек пен Оразалин Әлібек (математика), Ақназар Қажымұрат пен Ислам Амангелді (физика), Чалышкан Селімжан мен Бисенбаев Құдайберген (биология). Сондай-ақ жеңімпаздар қатарында төмендегі оқушылар бар, физика бойынша: Теңіз Ыбраев (Семей), Әмірхан Байлин (Астана қ. ФМБ), Дияр Туленов (Павлодар), биология бойынша: Эльдар Үркүмбаев (Астана қ. НЗМ), химия бойынша Хайдар Қайырбек (Павлодар), география бойынша: Дінмұхаммад Әбдрахманов (Шымкент қ. ФМБ).

Гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада Қостанай қаласында өтті. Зияткерлік мектептердің тобы онда да үздік деп атанды. Оқушылар 5 алтын, 10 күміс және 11 қола медальді жеңді. Бірінші орын алғандар қатарында Алматы қаласы ФМБ мектептің оқушылары – Софья Ким (орыс тілі және әдебиеті), Кристина Шелемба (ағылшын тілі), Павлодарлық Дамира Аскарова мен Көкшетаулық Аружан Мұратбек, (қазақ сыныптарына арналған орыс тілі), Оралдық Данияр Арстанов (орыс тілі және әдебиеті) бар.

«Бұл біздің оқушылардың Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 жылдығындағы үлкен жетістігі», – деп атап өтті Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

You may also like...