«CASPIAN STARTUP-2021»: Бүгін үздік стартап анықталады

Ақтаудағы NIS бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық «Caspian Startup-2021» стартаптар байқауының ақтық кезеңі маусымның 1-і күні өтеді.

Маңғыстау өңірінің белсенді кәсіпкерлері мен стартап сарапшылардың басын қосқан сайыста баламалы энергия көздері тақырыбындағы ең үздік стартап анықталады. Ал, ең үздік үш стартап материалдық сыйлықтармен марапатталса, Қазақстан-Британ техникалық университеті ең үздік стартапқа төрт білім грантын, ал С.Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 10 білім грантын, ал өңірдегі ең белсенді университет Yessenov University бір білім грантын сыйламақ.

Сонымен қатар, жарыс аясында финалистер Astana Hub халықаралық стартаптар техно-паркінің тренерлерінен үш күндік дәріс алады.

Аралас форматта өткізілетін халықаралық сайысқа «Jusan» АҚ банкі бас демеушілік көрсетсе, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау облыстық филиалы, «Mediana» ІТ-компаниясы, «Eco Waste Aqtau» ЖШС, облыстық «Aqtau TV» телеарнасы, Yessenov University университеті серіктестері атанды.

Байқауды 1-маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 10:30-да Youtube арнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Байқауға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=BeJ8jhB5nyw

You may also like...