Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеуге 1 күн қалды! Еске саламыз, қабылдау емтиханы 2021 жылғы 27-28 мамырда өтеді.
Ата-аналар немесе олардың заңды өкілдерінің назарына! Санитарлық талаптарға сай, балаларды мектеп аймағында күтуге тыйым салынады.
Тестілеуге тіркелу уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) 1 ауысым (қазақ тілінде оқыту) 07.00 – 09.30 аралығында өтеді. Балалардың конкурстық іріктеуден шығуы 12:00-12:30 аралығында жүреді.
2 ауысымдағы оқушыларды тіркеу (орыс тілінде оқыту) 14.00 – 16.00 аралығында өтеді. Тестілеуден шығу уақыты 18:30-19:00. Ата-аналар балаларды конкурстық іріктеу аяқталар кезде алып кетуі керек.
Тіркеу орталықтандырылған түрде қазақ және орыс тобына сәйкесінше Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 16:01-де жабылады, үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге кіргізілмейді.

Конкурстық іріктеуге келген кезде ескерілетін санитарлық шаралар:
- Мектеп аумағына тек қана бетперде киген үміткерлер жіберіледі (өзімен бірге ауыстыру үшін қосымша маска болуы керек).
- Термометрия нәтижелері бойынша дене қызуының жоғарылауы (37,2℃ – ден астам) анықталған үміткерлер тестілеу үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді.
Еске саламыз, тестілеудің 1 және 2 күндері «Қабілеттілікті бағалау» тесті және «Тілдік тест» болады.
Тыйым салынған заттар тізімі мен санитарлық талаптар төменде көрсетілген!

