NIS оқушылары – BBO жеңімпаздары

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары биологиядан 25-ші Британдық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті! Бұл «А» деңгейіндегі оқушыларға арналған күрделі тапсырмаларды шешу бойынша ұлттық сайыс.
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-ші сынып оқушысы Алихан Жұмағалиев BBO олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды!
10 сынып оқушысы Алиса Пешая, 11 сынып оқушысы Алинур Джаболдинов және 12 сынып оқушысы Нариман Машуров күміс медальды қанжығасына байлады!
Сондай-ақ, 11 сынып оқушысы Жанел Турганбек болса қола медаль жүлдегері атанды!
Британдық биология олимпиадасы мектеп оқушыларына бейтаныс тақырыптар мен идеяларды ұсынып, биологияға қызығушылық танытқан қатысушылардың таланттарын кеңейтуге шақырады.

You may also like...