Вальбонн Халықаралық орталығы Алматы NIS оқушысын күтуде

Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жания Нұрханова Вальбонн Халықаралық Орталығының 2021-2022 дайындық сыныптарына оқуға толық грантқа түсті. Сондай-ақ зияткерге ай сайын шәкіртақы төленеді.
Франциядағы CPGE (ғылыми пәндер бойынша дайындық сыныптары) – бұл студенттерге Францияның ең беделді инженерлік-ғылыми жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін арнайы екі жылдық дайындық мектебі.
«Мен бала кезімнен шет тілдерін үйренуге құмармын. Басында ағылшын тіліне махаббатым оянды, ал 8 жасымда мен француз тілін үйрететін орталыққа бардым. Кейін француз тілін үйренуді Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғастыру мүмкіндігі туды» ,- дейді Жания.
Айта кетерлігі, Жания Нұрханова 2019 жылы шілде-тамыз айында Вальбонн халықаралық орталығының жазғы мектептен тыс курсына қатысқан еді. Курс барысында 30 сағат француз тілі, робототехника, ифнорматика, астрономия пәндері француз тілінде өтті. Жазғы лагерьдің Жанияға ұнағаны соншалық, сол орталықта оқуды мақсат еттіі. Енді, міне, жас өреннің арманы орындалып отыр.
Жания Нұрханованы қуанышты жаңалығымен құттықтай отырып, жаңа белестерді бағындыра беруді тілейміз!

You may also like...