Exponenta жастар журналы

Подкаст, мақала, пайдалы ақпарат – мұның бәрі @exponenta.magazine порталының жан-жақтылығы туралы. Экспонента Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің белсенді оқушылары құрған жоба. 2018 жылы Азамат Атабаевтың бастауымен қолға алынды.

Қазіргі таңда портал құрдастарына сапалы контент ұсынуға ниетті 15 зияткердің басын қосып отыр. Мақсатты жүзеге асыру үшін журналдың алғашқы шығарылымы 2018 жылдың қараша айында жарық көрді. Содан бері шығарылымдар бірнеше айда бір рет шығады.

Журналда ғылыми-танымдық мақалалар, шет елдегі ЖОО түсуге қатысты кеңестер және ғылым өкілдерімен сұхбаттар басылады. Ақпарат қазақ және орыс тілінде жазылады.

2020 жылдың қараша айында @exponenta.magazine порталының пилоттық подкасты шықты. Сарапшылармен өзекті мәселелер мен жастар үшін қызықты оқиғалар туралы әңгімелер подкасттың негізгі түйініне айналды.

Exponenta Instagram, Telegram секілді әлеуметтік желідегі жазылушыларына пайдалы мәлімет бере отырып, аудиториямен тығым қарым-қатынас ортанып келеді. Жастар тобы халықты біліммен ағартып, болашақ Қазақстанның іргесін берік ұстауға үлес қосып жатқанына сенеді.

You may also like...