Мектебіміздің мұғалімдеріне «ДИФФЕРЕНЦИЯЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР I бөлім» атты есептер жинағын әзірлегені үшін авторлық құқық берілді.
⠀

Алматы ФМБ НЗМ мектебінің модератор-мұғалімі Джургабаев Берік Ерболатұлы, сарапшы мұғалімі Сәді Айбын Жәнетұлы және Алматы ХББ НЗМ мұғалімі Джургабаев Серік Ерболатұлының атқарған еңбегі зор!
⠀
Бұл әдістемелік құралда Дифференциалдық теңдеулер тақырыбындағы есептер берілген. Жинақ халықаралық A-level, AS-level және IGCSE стандарттарының нормалары мен талаптарын сақтай отырып құрылған. CIE-ға дайындыққа арналған әдістемелік құрал. Әрбір есептің жауабы берілген халықаралық емтиханға дайындық есептердің марх-схемасы жасалған.
⠀
NIS мұғалімдері әзірлеген әдістемелік құрал математика пәні мұғалімдеріне, NIS және жалпы орта мектеп оқушыларына арналған.