
⠀
Бүгін желілік олимпиада партасына Зияткерлік мектептердің 700-ден астам оқушысы отырды, олардың ең үздіктері республикалық додада NIS намысын қорғайтын болады.
⠀
Бүгін Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде, мектебіміздің 8 дарынды оқушысы химия және биология пәндері бойынша білім додасына қатысты.
⠀
Химия пәні бойынша Азамат Жақсылықов, Лейла Сидорова, Анель Серікова, Жангир Жумадилов, биологиядан Әсет Нукушев, Аружан Жаныбекққызы, Ерасыл Мухамедияр және Алихан Жумагалеев мектеп намысын қорғайды.
Назарбаев Зияткерлік мектептері – еліміздегі мектеп олимпиадасы қозғалысының абсолютті көшбасшысы, үш жыл қатарынан NIS құрамасы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша «Үздік олимпиадалық команда» атанып келді.
Желіліктің жеңімпаздары қалыптасқан дәстүр бойынша ең беделді халықаралық олимпиадаларда бақ сынайды: Менделеев, Балқан, Түймаада, IMO (математика), Icho (химия), Орталық, Оңтүстік, және Оңтүстік-Шығыс Еуропа олимпиадалары (география).
Мәселен, өткен жылы Алматыдағы физика-математика бағытындағы мектептен Бектемисов Тамирлан мен Сатубалдин Таир IMO-да екінші орынға ие болды, жеңістер тізімі үлкен, ал NIS-тің медальдар топтамасы жыл сайын толығуда.
Биыл білім сайысына Алматы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінен 9-12 сынып аралығындағы 42 оқушы қатысуда. Олар математика, информатика, биология, химия, физика, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және т.б. жалпы білім беретін пәндер бойынша сайысқа түседі.

«Желілік олимпиада – 2021» барлық қатысушылары өткен жылдардың командалық және жеке жетістіктерін көбейтіп, жеңісті қайталауға бел буып отыр. Әрбір қатысушыға сәттілік тілейміз!