⠀

Алматы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінен олимпиадаға физика пәні бойынша 6 оқушы қатысты. Олардың төртеуі олимпиадада алғаш рет бақ сынауда.
⠀
Ал 11Б сынып оқушысы Сырымхан Нуриддин сайысқа осымен 4-ші рет түсті. Оның қоржынында қос күміс және 1 қола медаль бар. Сол себепті Сырымхан осы жолы алғашқы орынды жеңіп алуға ниетті. Сынаққа түспес бұрын ресейлік профессорлардың лекцияларын оқыған. Сүйікті кітабы –Ландау мен Лифшицтың теориялық физика курсы.