
Тағы да жеңіс! Мектебіміздің мақтанышы Медет Джумадильдаев Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының 11-ші Халықаралық конкурсында математикадан АЛТЫН МЕДАЛЬ жеңіп алды.
⠀
Білім додасына алғаш рет Франция, Индонезия, Түркия елінен жас дарынды зерттеушілер қатысты. Ал Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан оқушылары сайыстың дәстүрлі қатысушылары.
⠀
Шараны ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп өткізді. Жарыс 1-3 наурыз аралығында ZOOM платформасында болды.
⠀
Биылғы конкурс қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстандағы роботтық механика, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы, академик Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді.