ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ТҮЛЕКТЕРІ – PolyU-дың ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІ ҚАТАРЫНДА

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлектері Гонконг политехникалық университетінің үздік бірінші курс студенттері қатарына кіріп, оқу орнының халықаралық студенттерге арналған арнайы шәкіртақысына ие болды.

Шәкіртақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстау, PolyU президенті, профессор Тимоти Тонг және вице-президенті, профессор Джеффри Шенның қатысуымен өтті. 2018-2019 оқу жылында 100 ден астам шәкіртақы халықаралық студенттерге берілген. Айта кету керек сол жүздіктің қатарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірнеше түлегі бар. Атап айтсақ, Алматы қаласының физика-математика бағытындағы мектептің  оқушылары : Ахмет Гульдана, Али Адиль, Амангельды Меруерт, Касен Шынгыс, Келис Адия, Ким Роберт, Корганбаева Томирис, Кошым Тогжан, Шелемба Кристина, Ускембаева Аружан, Еркин Жансая, Жакежанов Али, Жолдыбекулы Мади, Жумасил Еркебулан бар.

«Сіздердің оқушыларыңыздың мақтанышы мен бақытын бөлісетініңізге сенемін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздің мектебіңіздің оқушыларыңыздың тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Тағы да біздің университетті жылдар бойы қолдап келе жатқандарыңыз үшін алғысымызды білдіремін. Біз тұрақты және тығыз байланысымызды нығайтуға дайынбыз», – деп атап өтті Зияткерлік мектептердің директорларына хат жолдаған PolyU директорының орынбасары Эрик Ло.

Бүгінгі таңда Гонконг политехникалық университеті – Азиядағы ең үздік техникалық жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда 32000–нан астам студенттер білім алады. PolyU әлемнің 40 елінің студенттері мен оқытушыларын біріктіретін динамикалық академиялық және ғылыми қоғамдастық.

You may also like...