Ашық есік күні

2018 жылдың 13 қазанында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін мектептердің 5 жəне 6 сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні болып өтті. Аталған іс-шараға Алматы қаласының 50-ден астам мектептерінен 450-ге жуық оқушылары қатысты. Қатысушы оқушылар Ашық есік күнінің бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының символдарын таныстырудан бастау алған мектеп ішіне экскурсия жасай отыра Назарбаев Зияткерлік мектептерінің “100 кітап”, “Ата-ана жұмысында 10 күн”, “Ата-ана жұмысында 1 күн”, “Екі апта ауылда” жобаларымен қатар, Wikipedia, “TEDx NIS”, кітапхана іс-шаралары мен жобалары жайлы толық мәлімет ала отыра, физика, химия, биология, математика, ағылшын тілі пəндерінің шағын сабақтарына қатысты. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушы оқушылар заманауи жəне ұлттық билер элементтерімен таныса отыра бірлесе билеп, “100 əн” жобасы аясындағы патриоттық әндерден караоке айтып, робототехника мен өнер бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының дайындаған қолөнер көрмесі мен саз балшықтан бұйымдар жасау өнерінің мастер-класын тамашалады. Сондай-ақ, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу тəртібі мен виртуалдық мектеп туралы ақпараттар берілді. Ашық есік күнінде қатысушы оқушылар мен ата-аналары өз сұрақтарына жауап алып, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жалпы өмірімен таныс болды.

You may also like...