Оқушылар арасында шахматтан қалалық спартакиада басталды

Бүгін Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар арасында шахматтан қалалық спартакиада басталды. Жарысқа 9 мектептен 30 бала келді. Екі күнге белгіленген шара мектептің 5 жылдық мерейтойына арналды.

Осындай жарыстар – оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, шахматты насихаттауға, дарынды спортшыны анықтауға септігін тигізеді,-дейді жарыс ұйымдастырушысы Досан Даңғылбаев.

Спартакиаданың ашылуына Қазақстан шахмат федерациясының өкілі Салтанат Ноғайбаланова қатысты. Ел аумағында шахматты дамытуға бағытталған жұмыстар жөнінде айтып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

  • Бүгінде елімізде шахмат қарқынды дамып келеді. Әлемдік чемпионаттарда спортшыларымыз жүлделі орындардан көрінуі біз үшін үлкен мақтаныш. Жансая Әбдімәлік, Динара Садуақасова, Айша Зәкірова сынды шахматшыларымыз соның бір дәлелі. Ал бүгінгі өтіп жатқан спартакиада әлі талай шахматшыны әлемдік жарыстарға дайындап, жол ашатынына сенем, – деді Салтанат Ноғайбаланова.

Жарыс жеңімпаздары ертең белгілі болады.

Мына сілтеме арқылы онлайн көре аласыздар

http://chess-results.com/tnr418417.aspx?lan=1

You may also like...