Иван Крепакқа 20 мың доллар

Алматы қалалық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Крепак Иван өзінің «Умный замок» жобасының өнделуіне $20000 көлеміндегі инвестициялық қаржыны ұтып алды.

Бұл НЗМ жүйесінде инвестицияны жұмылдырып отырған алғашқы жоба. Инновацияның негізі смартфон арқылы басқарылатын және өнделген қосымшасы бар құлыпта жатыр. Электронды құлып «Вlock-ты» өндіретін шетелдік нұсқасынан 14 есеге арзан түседі. Құнды ақпарат сақтайтын шкафтың бұғаттаушысы ыңғайлы және қолдану үшін жеңіл. Оны Android жүйесіне қосылған және арнайы осы үшін ойластырылған қосымша орнатылған смартфон көмегімен басқаруға болады. Құлып 30 метрге дейін диапазондағы сигналы бар гаджетке әсерін тигізе алады. Сонымен қатар мықты қорғаныс құрылғысы өзінің жеңіл салмағымен ерекшеленеді, ол тек 92 грамм ғана тартады.

Биыл Иван ico.Startup Kazakhstan шарасына қатысты. Startup Kazakhstan – халықаралық көлемдегі алғашқы қазақстандық бастама. Ол ең жақсы инновациялық стартаптар мен жоғарғы экспорттық шамасы бар жоғары технологиялық компанияларды тартуға бағытталған.

Ақпан айының басында сертификаттарды табыстау рәсімі өтті. Конкурсқа ТМД елдерінен 400-ден аса жоба қатысты. Иван қатысушылар ішіндегі ең жасы, ол әлі 18-ге де толмаған.

Қатысушыларға ЕЭО елдерінің келешегі зор нарығына, тағы басқа жаһандық нарықтарға шығу үшін кешенді, эксперттік және инфрақұрылымдық қолдау көрсетіледі.

Акселерация бағдарламасы ICO-ға шығуға мүмкіндігі бар Кремний аңғарының ең жақсы тәсілдері арқылы ойластырылып жасалған, және ҚР инвестициялар және даму Министрлігінің қолдауымен Tech Garden жүзеге асырылып жатыр.

Крепак Иванның «Умный замок» жобасы қазір біршама атақты. 2016 жылы Кремний аңғарында (АҚШ, Калифорния штаты) өткен «Старт своего собственного бизнеса» байқауында жеке мүлік пен ақпаратты қорғайтын Arduino Uno микроконтроллеры негізінде «ақылды» құлып жасау аясындағы «Block» жобасы «Лучшая бизнес идея» номинациясы бойынша дипломға ие болды. Сонымен қатар Иванның өнертабысы (жобасы) «Жас әл-Фараби» ғылыми жобалар байқауында жеңіске жетті және NURINTECH-2016 республикалық жастар инновациялық жобалар байқауында екінші орын алды. Өткен жылы жоба Астанада өткен инновациялық жобалар ұлттық олимпиадасында алтын медальді жеңіп алды.

Иванның алдағы мақсаты –ico.Startup Kazakhstan аясында берілген 20 мың доллар инвестиция негізінде өз жобасын халықаралық нарыққа шығару.

You may also like...