NIS «Түлектер аллеясы» Тұңғыш Президент паркінде


Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Тұңғыш президент саябағында «Түлектер аллеясын» салтанатты түрде ашты. Шара ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Наурыз» мерекесін тойлау аясындағы жаңа концепциясы мен «Жайлау күні» қарсаңында жүзеге асты.

Мектеп директоры Ермек Серикович


Аталмыш шара мектеп директоры Ермек Серікұлының құттықтау сөзімен басталды. Ата-аналар да өз кезегінде жүрекжарды тілегін арнады. Кейін мектеп директоры мен ата-аналар комитеті бірлесіп қызыл лентаны кесіп, ақ көгершінді ұшырды. Осылайша Тұңғыш президент паркіне тағы 12 көшет қосылды.

Табиғатпен үндескен бұл шара барысында әрбір оқушы өз ішіндегі арман-тілегін айтып, әр жыл сайын осы көшеттерге келіп отыруға серт берді. Бұдан былай игі дәстүр жылдан-жылға түлектердің ағаш отырғызуымен жалғаспақ.

You may also like...