Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бүгін «Мың алғыс саған, мектебім!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Мектебіміз 222 түлекті алтын ұясынан ұшыруда. Салтанатты жиында мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері К.Х. Ракишев, А.А. Набиев және Ж.Қ. Тажібекова қонақта болып, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымына және ата-аналар мен бітіруші түлектерге жүрекжарды ыстық лебіздерін білдірді.
Мектеп директоры Пак Олег Владимирович өз сөзінде мектептің жетістіктеріне тоқталып, «Ең үздік олимпиадалық мектеп – 2018» номинациясына ие болғанын мақтанышпен атап өтіп, осы оқу жылында үздік көрсеткіштерге ие болған оқушыларды, ата-аналарды «Ең үздік уикипедияшы», «Жыл оқушысы», «Ең үздік Шаңырақ», «Ең үздік TEDх спикері», «Мектеп лидері», «Ең үздік оқырман» және «Мектеп жанашыры» номинацияларымен марапаттады.
Бүгінгі күннің басты жаңалығы, 70-тен аса оқушының авторлығымен жарық көрген «Бастау» атты шығармалар жинағының тұсауы кесілді.
Мерекелік жиын түлектердің «Мектебім, алғыс айтамын!» атты ұстаздарға арнаған мерекелік концертіне ұласты.