“Білімді ұлт – білім сапасы және отбасы құндылықтары” атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.

2018 жылдың 15 мамырында Халықаралық отбасы күніне орай Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білімді ұлт – білім сапасы және отбасы құндылықтары» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты – ата-аналарды білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу туралы мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға тарту. Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы, білім берудің негізі, оқушылардың жетістіктері мен жеңістері, мектеп қамқоршылар кеңесінің қызметі, отбасылық құндылықтар, отбасылық және мектеп қарым-қатынасы сияқты мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Ата-аналар отбасылық рухты түсіне бастады, балаларға жас ерекшеліктерін, тілектерін, қызығушылықтарын ескере отырып, қолдау көрсетудің маңыздылығын ұғынды, іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

You may also like...