Алматылық зияткерлер халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

Якутияға олимпиадаға барған оқушыларымыз қазір ғана елге оралды. Ерсұлтан Пітебай үздік үштіктің бірі атанып, физика пәнінен қола медаль қанжығалап, ал Таир Сатыбалдин білім сайысында жақсы нәтиже көрсеткені үшін мақтау қағазына ие болып қайтты. 
Мектеп абыройын асқақтатқан зияткерлерді құттықтаймыз!

Математика, информатика, физика мен химия пәндеріне арналған «Туймаада» олимпиадасы жыл сайын Якутск қаласында (Ресей) өтеді. Биыл 26 рет жалауын желбіреткен білім сайысына Қазақстан, Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран мен Тәжікстаннан келген 150 ге жуық оқушы қатысты.

Қола медальға ие болған Ерсұлтан физика пәніне ерекше ден қойған. Бұған дейін халықаралық IEPhO олимпиадасына да қатысып жүлдемен оралған.

— Бұл жолғы жеңісім де физикадан. Ғылыми тәжірибе мен теориялық білім ұштасқан жоғары деңгейде өткен олимпиададан үйренгенім көп. Тапсырмалар оңай болды деп айта алмаймын, өте күрделі болды. Бұл әрине бізді одан бетер шыңдады,— дейді Ерсұлтан.

You may also like...