Зияткерлер “Томирис” фильмінде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсынмен кездесті

[vc_row][vc_column][vc_column_text]

Алматы қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсынмен кездесті. Зияткерлер қонаққа және онымен бірге келген баласы мен інісіне арнап, мектеппен таныстыру экскурсиясын өткізді. Оларды білім ордасындағы үйірме, клуб, секциялар және элективті курстар жайлы ақпараттандырды.

Кездесу аясындағы сұқбат барысында Альмира Тұрсын алғашқы рөліне дайындығы, фильмге жарияланған кастингтен өту жолы, сондай-ақ түсірілім алаңында кез болған қиындықтары жайлы сыр шертті. Актрисаның айтуынша, басты рөлді сомдау үшін оған іріктеудің бес кезеңінен өтуге тура келген. Ол сыннан өткен соң, актриса атқа міну, семсерлесу және кәсіби актерлік шеберлік дағдыларын меңгерген. Айтуынша, патшайым рөліне дайындық та, оны сомдау процесі де оңай болмапты. Себебі, актерлік өнердің кәсіби шеберлерімен ойнауға тура келген.

«Сценарийге сәйкес, жасы үлкен әріптестеріме бұйырып, әйтпесе айқайлап сөйлеуге тура келді. Сол үшін іштей ыңғайсызданатынмын. Бастапқыда тіпті әр осындай түсірілімнен кейін оларға барып, кешірім сұрап жүрдім», – дейді актриса.

Сондай-ақ, Альмира Тұрсын өзінің негізгі мамандығы жайлы айтып берді. Қызметі – коуч-кәсіби бағдарлаушы екен. Адамдарға өз қабілеттерін, дарынын анықтап, оларды тұлға болып қалыптасу жолында дұрыс әрі сапалы пайдалану жолын үйретеді. Оқушылардың «бұл мамандықты қалай таңдадыңыз?» деген сауалына, қонақ өзі де кезінде болашақ кәсібін ұзақ уақыт анықтай алмай жүргендігін айтты. Сондықтан, психология және өзге де қажетті салаларды меңгеріп, мамандық таңдауда тығырыққа тірелген жандарға көмектесуді ұйғарған. Өз кезегінде, зияткер оқушыларға Альмира Тұрсын ештеңеден қорықпауға және өздерін жаңа бағыттарда байқаудан шаршамауға шақырды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқыған сіздер – бақыттысыздар. Сан алуан жобаларға қатысып, түрлі қырларыңызды ашуға, сол арқылы өздеріңізді тануға зор мүмкіндіктеріңіз бар», – деді Альмира Тұрсын. 

Кездесу соңыннда мектептің атынан естелік сыйлар тапсырылды. Альмира Тұрсын зияткерлердің білдірген ниет-лебіздеріне алғысын білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_gallery type=”flexslider_slide” interval=”3″ images=”6665,6666,6667,6670,6669,6668,6671,6672,6673,6674,6675,6676,6677,6678,6679,6680,6681,6682,6683,6684,6690,6686,6691,6687,6692,6685,6688,6689,6693,6694,6695,6696,6697,6698,6699,6700,6701,6702″ img_size=”full”][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][/vc_column][/vc_row]

You may also like...