«Бақыт деген не өзі?» атты әдеби-мәдени кеш өтті.

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасында 2018 жылдың 13 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бақыт деген не өзі?» атты әдеби-мәдени кеш өтті. Шығармашылық кешке Мұқағали ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев, келіні Бақытгүл Айдарова келді.

«Үшқоңыр» шаңырағының ұйымдастыруымен өткен кеште қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағалидың өлеңдері оқылды, әндері шырқалды. Ақынның ұлы мен келіні ақын мұраларының өміршеңдегі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне тоқталып, өмір жолында кезедесітін қиындықтарды өткере біліп, өмірді сүйе білуге үйрететіндігін атап өтті.

«Үшқоңыр» шаңырағының педагог-ұйымдастырушы кураторы Кушкинбаева Қ.Б. мен мектеп кітапханашысы Зарухаева Р.М. жетекшілігімен ұйымдастырылған кеш «Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» Мұқағали Мақатаев поэзиясының мәңгілік екенін тағы бір мәрте танытты. Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ақынды шексіз сүюге, жас буынды поэзия нәрімен сусындатып, ақын өлеңіне деген сүйіспеншіліктерін оятты.

You may also like...