NIS ОҚУШЫЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРІ 121 КГ БАУЫРСАҚ ӘЗІРЛЕДІ

   Бүгін Наурыз мейрамына орай  Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар мен ұстаздар 121 кг бауырсақ әзірледі. Жиынға тарих пен математика кафедрасының мұғалімдері мен 7-12 сынып оқушылары қатысқан. |Жиын соңында мектеп басшылығы 9 В сыныбына 19 кг бауырсақ әзірлегені үшін – «Ең көп бауырсақ» номинациясы бойынша Алғыс хат пен сыйлықтар абыстады. Ал 9 D  сыныбы «Ең креативті бауырсақ»  номинациясында жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.

You may also like...