Таңғы жиын

Жаңа жұмыс аптасы дүйсенбі күні мектеп оқушылары мен ұстаздардың таңғы жиынынан басталды. Таңғы жиынның құрылысы шаңырақ қауыдастығымен тұрғызылды. Себебі, шаңырақ – үйдің ұйытқысы, ортақ жан-ұямыздың символы, мақсатымыз ұжымымыздың ұйымшылдығы. Бірлік бар жерде тірлік бар.

Таңғы жиынның басы Қазақстан Республикасының Әнұрымен басталды. Патриотизм рухында тәрбиеленген адам тек салауатты қоғам мен күшті мемлекет құра алады. Патриотизм –  Отанға деген сүйіспеншілік.Патриоттық тәрбие арқылы біз адамның рухани қасиеттерін қалыптастыруға,барлық ұрпақтың бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз етуге үлес

қосуымыз керек.

Өткен аптаның жасалған жоспарын кезекшілік еткен  «Жетісу» шаңырағы қорытындысын шығарып, ішкі тәртіп ережелерін үлгілі түрде сақтағаны үшін «Орда»  шаңырағын атап өтті де, келесі аптаның жоспарымен таныстырып айтты.

Одан кейін мектептің директоры Раисова Гүлфарида Бабағұмарқызы 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша  үздік оқушыларды марапаттады.

Аптаның әрбір бірінші күні сағат 7:45 біздің мектепте жүйелі түрде таңғы жиын болып тұрады.

Жаңа апта баршамызға сәтті болсын!

You may also like...