
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің сарапшы мұғалімі Құрман Бақытхан дүниеден озды. Марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл барша NIS ұжымының қабырғасын қайыстырған орны толмас қаза.
⠀
Құрман Бақытхан 25 қазан 1981 жылы дүниеге келді. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсіп, 2008 жылы «математика» мамандығы бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты. 2014 жылдан бастап Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеді. 2020 жылы мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Гүлмира Сыздықовамен бірге «Кеңістіктегі векторлар. Кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың теудеулері» әдістемелік ұсынысын әзірлеп, авторлық құқыққа ие болды.
⠀
Ұлағатты ұстаз Құрман Бақытхан өмірден өткенмен, оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгілік сақталады.