Мектеп кітапханасында кітап қоры молайды! Енді рухани азық азық іздеген жандар біздің шаңырағымыздан ӘЛЕМДІК БЕСТСЕЛЛЕРДІ қазақ тілінде оқи алады!
«Мазмұндама» жобасы танымдық маңызы зор кітаптарды қысқа да нұсқа форматта мазмұндайды. Құнды идеяларды оқырмандарға жеткізу мақсатында «Оқуға тиіс 10 кітап» сериясын ұсынып отыр.
Бұл жинаққа отбасы, тәрбие, көшбасшылық, даму, менеджмент, маркетинг тақырыптарында зерттеген айтулы ғалымдардың таңдамалы он кітабы еніп отыр. Олардың барлығы уақыт сынынан өтіп, адамзат ойының алтын қазынасына айналған таңдаулы туындылар.
⠀
Дейл Карнеги «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері», «Алаңсыз өмір сүру құпиялары»
⠀
Бұл еңбектер тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып, оқырманға жол тартты. Адам және оның ішкі әлемі қашанда маңызды болғандықтан, Дейл Карнегидің кеңестерімен танысқан жер шарының миллиондаған тұрғыны өз өмірін өзгертіп, бақытты болудың формуласын тапты.
⠀
Біздің де оқырмандарды алаңдатқан мәселелерді жан-жақты саралап, шешім табуына септігін тигізетініне сенімдіміз
⠀
Дэниел Дж. Сигел Тина Пейн Брайсон «Ақылды бала. Баланың ақыл-ойын жан-жақты дамытудың 12 озық стратегиясы»
⠀
«Ақылды бала» кітабында бала миы қалай жұмыс істейтіні және даму барысында қандай кезеңдерден өтетіні туралы айтылады. Авторы – медицина ғылымдарының докторы, көптеген марапаттарға ие болған педагог әрі балалар психологы Дэниел Дж. Сигел мен балалар мен жасөспірімдердің тәжірибелі психотерапевті Тина Пейн Брайсон. Олар баланың тентектігі мен еркелігінің астарында не жататынын ашып түсіндіре отырып, осы бағыттағы ғылыми-танымдық теорияларды түсінікті тілмен баяндай̆ды.
⠀
Сонымен қатар өзге де көркем әдебиет пен ғылыми-танымдық кітаптармен, ата-аналарға арналған танымал кітаптармен кітапханамызға келіп, таныса аласыздар
⠀
Кітаптар көпшілік оқырмандарға арналады!