NIS ынтымақтастық ортасы

 
Алматы қаласы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебі Француз Альянсымен серіктестік туралы меморандум жасасты! Бұл ұйымдар арасындағы достық, түсіністік және сенім қатынастарын дамытуға және нығайтуға сеп болмақ. Осылайша француз тілінің екінші шет тілі ретіндегі мәртебесін нығайтып, оқушылардың мәдениетаралық түсінігін жақсарту мүмкіндігі бар.
 
Бұдан бұрын 5 наурыз күні мектебімізде Француз Альянсының өкілдері мен атқарушы директоры Вивьен Фуке қонақта болған еді. Меймандарды Мадина Альжанова, Саида Ауезова, Жан Аубакиров және өзге де француз тілін үйреніп жүрген 8-11 сынып оқушылары қарсы алып, мектеппен жақынырақ таныстырды. Шара соңында естелік сыйлықтар беріп, болашаққа жоспар мен ұсыныстарды талқылады.

Алматы NIS Француздық Альянспен достық қарым-қатынас құру арқылы түрлі конкурс-фестивальдер, мастер-класстар, сондай-ақ ЖОО түсу бойынша кеңес беру, мәдениет алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

You may also like...