
1000-нан астам жоба арасынан «Бизнес» бағыты бойынша Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Нұрсая Ботбаеваның жобасы үздік деп танылып, 3 миллион теңгелік грантқа ие болды.
Оқушының жобасы қалдық өнімдерді өңдеу арқылы фосфор тыңайтқыштарды алуға негізделген.
Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жыл сайын беріледі.
Жобаның мақсаты – белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету.