ТАРИХИ КЕЗДЕСУ

24 қараша күні мектебімізде аңызға айналған, әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі әрі ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Мұрат Құсайынов мырза қонақта болды.

Кездесу барысында ағамыз ансамбльдің қалай құрылғандығынан бастап, өнер жолындағы келеңсіздіктер мен жетістіктері жөнінде әңгімеледі.

Сонымен қоса өркениет пен өнердің дамуында қазақ тілінің маңыздылығы туралы терең ойларын ортаға салды.

Осындай сүбелі әңгімеден соң зияткерлік мектеп оқушылары көкейдегі сауалдарын қойды.

Бұл тарихи кездесуге «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы да қатысып, кездесуден түйген ойларымен бөлісті:

– Қазақтың мәдениетін, қазақтың өнерін сақтап қалу үшін оған үлкен қамқорлық қажет және ол бір адамның ғана емес, бүкіл халықтың, яғни бәріміздің міндетіміз. Мұрат аға – арманына жеткен адам, сіздерге де жолын берсін, – деді Күләш Ноғатайқызы.

You may also like...