7 оқушымыз Қазақстан Республикасының олимпиадалық резервіне енді

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 бірдей оқушысы жалпы білім беретін пәндерден Қазақстан Республикасының олимпиадалық резервіне енді.
14-25 желтоқсан аралығында өтетін оқу-жаттығу жиындарына математика, химия, физика және информатика пәндерінен Сатубалдин Таир, Бектемисов Тамирлан, Олжабаев Асылбек (барлығы математика), Жақсылықов Азамат (химия), Пітебай Ерсултан, Нуриддин Сырымхан (екеуі де физика), Сахмолдин Мухаммадариф (информатика) қатысады. Оқушыларымызды бұл жетістігімен құттықтаймыз және алдағы іріктеулерде сәттілік тілейміз!

You may also like...