Тәуелсіздік күні құтты болсын

Ел болып, азаттық дәмін татқалы еліміздің басынан сындарлы қаншама кезең өтті. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің болашағына сыни көзбен қарағандар да жеткілікті болды. Бірақ ұлт болып ұйысу жолында бар күш жігерімізді сарп еттік. Ел болдық. Рәміздеріміз айшықталып, ата заңымыз қабылданып, төл валютамызды енгізіп, елдің ертеңі үшін астанамыздың іргетасы қаланды. Бұның барлығы тәу етер тәуелсіздігіміздің арқасында. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың дәмін бүгінгі ұрпақ татуда. Атауы егіз, бір-бірінен ажырамас ұғымдар бар. Ел азаттығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлын Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Мереке күні алты құрлық атын білетін мемлекет қалыптастыраған Нұрсұлтан Әбішұлына шексіз алғысымызды білдіреміз!

Құрметті қазақ елі! Сіздерді басымызға қонған ең ұлы бақ, шоқтығы биік мереке Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әлемдік індет аяқталып, жақсы күндеріміз көп болсын! Елімізге бірлік, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

You may also like...