Абзал Еркін Гонконг Баптист Университетіне грант жеңіп алды

Бізде керемет жаңалық! Мектебіміздің 12 сынып оқушысы Абзал Еркін Гонконг Баптист Университетіне грант жеңіп алды! Ол енді бизнес-мектепте қаржы саласында білімін шыңдамақ. Абзалдың жылдық шәкіртақы мөлшері – 25.000 доллар. 


Жоғары оқу орнында студенттердің  білімін тәжірибе жүзінде қолдануға көмектесетін Experiential Learning бағдарламасы бар. Абзалдың айтуынша, интервьюге дайындық барысында қиындықтар туындаған. Дегенмен, кәсіби бағдар кеңесшісі Бағжан Бердібайдың қолдауымен, Абзалдың арманы орындалып, қалаған оқу орнына түсті. 

Айта кету керек, Гонконг Баптист Университеті Азиядағы 50 үздік ЖОО тізіміне, әлемдегі 300 мықты ЖОО қатарына кіреді. Біз оқушымыз Абзал Еркінді, оның ата-анасын және мұғалімдерін қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз! 

You may also like...